ХАЛЫҚ СЕНІМІ – БАСТЫ БАҒА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ХАЛЫҚ СЕНІМІ – БАСТЫ БАҒА
Ордабасы аудандық мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес Бадам ауыл округі әкімінің атқарған жұмыстары туралы есебін алдағы мәслихат сессиясында қарау мақсатында уақытша депутаттық комиссия өз жұмысын бастады.
Комиссия қызметінің басты мақсаты – ауыл округінде жүзеге асырылған жұмыстардың нәтижесін жан-жақты зерделеп, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған шаралардың тиімділігіне баға беру. Бұл – тек атқарылған істердің есебін тыңдау ғана емес, халықтың пікірін ескеріп, ауылдың бүгінгі тынысы мен ертеңгі дамуына көзқарас қалыптастыруға бағытталған маңызды жұмыс.
Зерделеу барысында әлеуметтік инфрақұрылым, абаттандыру, жол, ауыз су, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және тұрғындарды алаңдатқан өзге де мәселелер назарға алынады.
Халықтың аманаты мен сенімі – жергілікті билік жұмысының басты өлшемі. Сондықтан комиссия қорытындысы нақты деректер мен тұрғындардың ұсыныс-пікірлері негізінде әзірленіп, аудандық мәслихаттың алдағы сессиясында ұсынылатын болады.
Ауылдың өркендеуі – ортақ мақсат, ел игілігі жолындағы әрбір іс – көпшіліктің мүддесіне қызмет етуі тиіс.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ordabasy-maslihat/press/news/details/1243101?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді