«Ішімдіксіз ауыл»: Абай облысының Қызыл жұлдыз тұрғындары ортақ бастаманы қолдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысы, Мақаншы ауданы Қызыл жұлдыз ауылында «Ішімдіксіз ауыл» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері тұрғындармен ашық кездесу өткізді. Қоғамдық тәртіпті нығайту мен салауатты өмір салтын орнықтыруға бағытталған бұл кездесу ауыл орталығында ашық форматта өтіп, тұрғындармен еркін пікір алмасу алаңына айналды.

❇️Қызыл жұлдыз ауылы бүгінде ішімдіксіз өмір салтын қолдайтын бастамалардың бірі ретінде қалыптасып келеді. 54 тұрғыннан құралған 17 жанұя бұл қағидатты күнделікті өмірінде ұстануға ниет білдірген. Ауылда бір медициналық пункт халық денсаулығын бақылау және алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізуде.

👮‍♂️Жиын барысында құқықтық тәртіпті сақтау, жастар тәрбиесі және қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мәселелері кеңінен талқыланды. Тұрғындар өз ұсыныстарын ортаға салып, ауылдың әлеуметтік дамуына қатысты ойларымен бөлісті.

🚔Учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Касенов Әлібек құқықбұзушылықтың алдын алу – ортақ міндет екенін атап өтіп, ішімдіксіз орта қалыптастырудың қоғам тұрақтылығына тікелей әсер ететінін жеткізді.

Ауыл әкімі Адаев Мұрат Имашевич бұл бастаманың маңызын айқындап, салауатты өмір салты – ауылдың болашағына салынған берік негіз екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай бағыттағы жұмыстар жастардың дұрыс бағдар алуына және қоғамдық бірліктің нығаюына жол ашады.

✅Кездесу соңында тұрғындар бастамаға қолдау білдіріп, осындай ашық форматтағы диалогтардың тұрақты түрде жалғасуы қажет екенін жеткізді. Қызыл жұлдыз ауылындағы бұл қадам – салауатты қоғам қалыптастыруға бағытталған нақты әрі жүйелі жұмыстың көрінісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1243308?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді