Маңғыстауда құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы Полиция департаменті Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының ұйымдастыруымен құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жетілдіру және «Құқықбұзушылық профилактикасы туралы» заңды кеңінен қолдану мәселелеріне арналған кеңейтілген дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасы, білім басқармасы, кәсіпкерлік және жұмыспен қамту орталығы, облыс әкімдігі, прокуратура органдары, Полиция департаментінің құрылымдық бөлімшелері, спорт және туризм басқармасы өкілдері, сондай-ақ қоғам белсенділері мен блогерлер қатысты.

Жиын барысында құқықбұзушылықтың алдын алу тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барлық мемлекеттік мекемелер мен қоғам өкілдерінің ортақ міндеті екені атап өтілді. Қатысушылар профилактикалық жұмыстарды күшейту, халықпен кері байланысты арттыру, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, «Құқықбұзушылық профилактикасы туралы» заң талаптарын тиімді іске асыру, оның нормаларын тәжірибеде кеңінен қолдану және профилактикалық шаралардың нәтижелілігін арттыру бағытындағы ұсыныстар ортаға салынды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар құқықбұзушылықтың алдын алу саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.

Қауіпсіз қоғам қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз!

https://www.instagram.com/reel/DZtjyn7s9nn/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1243414?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді