
Ибраева Бибігүл Сайлаубекқызы
Ибраева Бибігүл Сайлаубекқызы еңбек жолын 1981 жылғы 3 сәуірде бастап, көп жылдар бойы санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласында абыройлы еңбек етіп келеді.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекші маманы қызметін атқарады.
Кәсіби қызметі барысында Бибігүл Сайлаубекқызы аса қауіпті инфекциялар мен туберкулездің алдын алу, эпидемиологиялық қадағалау жүргізу және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бағытында жауапты жұмыстар атқарып келеді.
Өз ісіне адалдығы, жоғары кәсібилігі және денсаулық сақтау саласына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» және «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгілерімен марапатталған.
Ибраева Бибігүл Сайлаубекқызы – санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан тәжірибелі, білікті әрі құрметті маман.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-astana/press/news/details/1244014?lang=ru

Жауап қалдыру