Медицина қызметкерлері күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шатаева Нағима Түсенқызы

   Шатаева Нағима Түсенқызы еңбек жолын 1985 жылғы 1 қыркүйекте бастап, саналы ғұмырын санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласына арнап келеді.

    Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті инфекциялық және паразиттік ауруларды бақылау бөлімінің бас маманы қызметін атқарады.

    Көп жылғы кәсіби қызметі барысында Нағима Түсенқызы инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу, эпидемиологиялық жағдайды бақылау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бағытында жауапты әрі маңызды жұмыстар атқарып келеді.

    Өз ісіне адалдығы, жоғары кәсібилігі және денсаулық сақтау саласына қосқан елеулі үлесі үшін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен және «Халық алғысы» медалімен марапатталған.

    Шатаева Нағима Түсенқызы – санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дамуына зор үлес қосып келе жатқан тәжірибелі, білікті әрі құрметті маман.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-astana/press/news/details/1244011?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді