Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Саденовті қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа министр елдегі криминогендік ахуал және ішкі істер органдарының алдына қойылған міндеттердің орындалуы жөнінде баяндады, – деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысына 2026 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша тіркелген қылмыс саны былтырғы кезеңмен салыстырғанда 9 пайызға төмендегені айтылды. Негізгі санаттар бойынша құқық бұзушылықтың азаюы және қылмысты ашу деңгейінің артуы байқалады.Алдын алу іс-шаралары мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мәселесіне ерекше назар аударылып отыр.

Ведомство жазаның бұлтартпас қағидатын дәйекті түрде қамтамасыз етіп келеді. Есепті кезеңде өткен жылдары жасалған 1685 қылмыс ашылған. Сот төрелігінен жасырынып жүрген 574 қылмыскер, оның ішінде 89-ы шетелден табылды.

Министр Мемлекет басшысына киберқылмысқа, есірткі қылмысына, ұйымдасқан қылмысқа және экстремизмге қарсы күрес нәтижелері жөнінде ақпарат берді. Қылмыстық топтардың жолын кесу, азаматтарды қауіп-қатерлерден қорғау, сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша кешенді іс-шаралар қолға алынған.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық жүйені қамтамасыз ету үшін “Заң мен тәртіп” қағидатын нақты жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zko/press/news/details/1243533?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді