«Мемлекеттік тіл саясаты: басым бағыттары және инновациялар» атты республикалық семинар-кеңесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласында тіл саласы мен цифрлық үрдістерді тоғыстырған ауқымды шара өтті. 

«Мемлекеттік тіл саясаты: басым бағыттары және инновациялар» атты республикалық семинар-кеңеске Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Жәңгірханұлы Өрісбаев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Ердембекұлы Тілешов, еліміздің түкпір-түкпірінен келген өңірлік тіл саясатын іске асыруға жауапты басқармалардың басшылары мен жауапты мамандары, сондай-ақ отандық ғылым мен лингвистика саласының өкілдері қатысты.

Бұл шара мемлекеттік тілдің заманауи ғылым мен озық технологиялар кеңістігіндегі позициясын нығайтуға арналған стратегиялық алаң болды. Бағдарлама аясында ауқымды интерактивті және практикалық тәжірибе алмасулар орын алды.

Шараның мақсаты — ана тілімізді заман талабына сай цифрландыру, өңірлердегі тіл саясатының түйткілді мәселелерін ашық талқылау және инновациялық шешімдерді қолданысқаенгізу.

Семинар TED форматында, еркін мінбер форматында өтті.                          Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол ЕрдембекұлыТілешов «Ғылымдағы тіл стратегиясы» тақырыбында терең талдау жасап, тілдік ахуалдың даму үрдістеріне тоқталды. 

Сонымен қатар Қарағанды облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Алма Қабыкенқызы Шалабаева қазақ тілінің өңірлік дамуындағы нәтижелер мен проблемаларды ортаға салса,  Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің қауымдастырылған профессоры Гүлнұр Рашидқызы Сүбебекова астрономия ғылымы контексіндегі қазақ тілінің ғылыми дискурсымәселелерін көтерді. Шәкәрім университетінің PhD  докторы Қарлығаш Әділханқызы Әубәкірова тіл модернизациясындағы аударма институтының интеллектуалды тарихы мен идеологиясы, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қызметкері Айерке Зинедина қазақ тілін цифрландыру әлеуеті туралы баяндады.

«Aktownx» шығармашылық бірлестігінің басшысы Мырзабек Нұрсұлтан тілді брендке айналдырудың креативті жолдарын «Бір ауыл» әлеуметтік-логикалық үстел ойыны арқылы таныстырды.

Республикалық семинардың практикалық тәжірибе алмасу сессиясында өңірлік тілсаясатын іске асыруға жауапты басқармалардың басшылары мен жауапты мамандары өзара тәжірибе алмасты.

Семинар соңында мемлекеттік тілдің дамуына, оның қолданыс аясының кеңеюіне үлесін қосып жүрген еліміздің бір топ азаматтары Маңғыстау облысы әкімінің және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің наградаларымен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-history/press/news/details/1243076?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді