Өндіріс орнындағы кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өндіріс орнындағы кездесу

 

«Заң және Тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру аясында Қызылжар ауданы прокуратурасының бастамасымен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Мансап орталығы филиалымен бірлесіп, өндірістік жарақаттанудың алдын алу мақсатында Бескөл ауылында орналасқан «ПКС-7» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізілді.

Аталған кәсіпорын ірі қара мал мен жылқы терісінен жоғары ақуызды жемдік қоспалар өндіру бойынша өз жобасын табысты жүзеге асырды. Солтүстік Қазақстан университетімен және «Ғылым қоры» АҚ-мен ынтымақтастық аясында компания 350 млн теңге сомасында грант иеленді.  Жоба  нәтижесінде 5,4 мың тонна шикізатты қайта өңдейді, жылына 2,4 мың тоннаға дейін дайын өнім өндіріледі. Бұл жануар тектес жемдік қоспа ақуыздың жоғары мөлшерімен ерекшеленеді. Ол ауыл шаруашылығы жануарларының, құстардың, өнім бермейтін жануарлардың және балықтардың азығына тікелей қосылады. Өнім «Алматы технологиялық университеті» АҚ тарапынан зерттеліп, құрамында зиянды заттардың жоқтығы анықталған.

Еңбек ұжымдарымен өткізілетін мұндай кездесулер өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу, қауіпсіз еңбек мәдениетін насихаттау және «Нөлдік жарақаттану» (Vision Zero) сияқты халықаралық тұжырымдамаларды енгізу мақсатында ұйымдастырылады. Басты мақсат – қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау.

Осындай профилактикалық жұмыстар кәсіпорындардағы тәуекелдерді төмендетуге, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

мақала

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-ozsp/press/news/details/1244077?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді