Өңірде ауыз су инфрақұрылымын дамыту жобаларын іске асыру жұмыстары жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

💧 2026 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Мұратұлы Рамазанов және Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы Талапкер және Қажымұқан ауылдарына Покровское жерасты су кен орнынан су құбырын тарту құрылысының барысымен танысты.

Жобаны ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті жүзеге асыруда. Бас мердігер – «САПА ҚҰРЫЛЫС 2007» ЖШС.

Қазіргі таңда В0 су құбырының құрылысы 95%-ға, В1 су құбыры 98%-ға аяқталған. Су тазарту құрылыстары нысандарының дайындығы 90–95%-ды құрайды. Сондай-ақ 19 ұңғыманың 8-і бойынша жұмыстар 90%-ға орындалып, қалған нысандарда құрылыс жалғасуда.

Құрылыс алаңында 98 маман мен 30 бірлік техника жұмыс істеуде.

Жобаны 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Нәтижесінде Талапкер және Қажымұқан ауылдарының тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1244188?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді