Мемлекет басшысының мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғырту, адами капиталдың сапасын арттыру және жастардың басқарушылық әлеуетін мемлекеттік басқару үдерістеріне кеңінен тарту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде өңірлік кадр резерві институты маңызды стратегиялық бастамалардың біріне айналып отыр. Аталған жоба өңірлердегі талантты, білімді және бәсекеге қабілетті жастарды анықтап қана қоймай, олардың кәсіби әлеуетін мемлекеттік басқару жүйесінде тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін пәрменді тетік ретінде қалыптасуда.
Бүгінде мемлекеттік қызметтің тиімділігі ең алдымен адами ресурстардың сапасына байланысты екені белгілі. Осы тұрғыдан алғанда, өңірлік кадр резерві мемлекеттік аппаратты жаңаша ойлайтын, жоғары кәсіби даярлығы бар және қоғамдық жауапкершілікті терең сезінетін жас мамандармен толықтыруға бағытталған маңызды кадрлық алаң болып табылады. Резервке іріктеу барысында үміткерлердің кәсіби құзыреттері, аналитикалық қабілеттері, стратегиялық ойлау дағдылары, көшбасшылық қасиеттері мен қоғамдық белсенділігі кешенді түрде бағаланады.
Өңірлік кадр резервін қалыптастыру мемлекеттік қызметтің меритократия қағидаттарын одан әрі нығайтуға, мансаптық ілгерілетудің ашық әрі әділ жүйесін дамытуға және мемлекеттік басқару саласында жаңа буын басшыларын даярлауға бағытталған. Бұл өз кезегінде мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін сапалы іске асыруға оң әсерін тигізуде.
Маңғыстау облысында да аталған бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Атап айтқанда, 2024 жылдың тамыз айында өткізілген іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша өңірлік жастар кадр резервіне 25 резервші енгізілді. Резерв құрамына енген жастар әртүрлі салаларда тәжірибе жинақтаған, кәсіби дайындығы жоғары және өңірдің дамуына өз үлесін қосуға ниетті перспективалы мамандар қатарынан іріктелді.
Қазіргі таңда аталған жобаның тиімділігі нақты нәтижелермен айқындалып отыр. Бүгінде өңірлік кадр резервіне енгізілген 25 адамның 18-і яғни 72 пайызы жергілікті атқарушы органдарға жұмысқа орналастырылып, көрсеткіш резерв мүшелерінің жоғары кәсіби әлеуетін ғана емес, сонымен қатар өңірлік кадр резерві тетігінің мемлекеттік қызмет жүйесіне білікті жастарды тартудағы нәтижелілігін көрсетеді.
Жергілікті атқарушы органдардағы қызметтеріне кіріскен резерв мүшелері мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық жобаларды іске асыруға белсенді қатысып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосуда. Сонымен қатар олардың инновациялық көзқарастары, заманауи басқару тәсілдері мен жаңа бастамалары мемлекеттік басқару шешімдерінің сапасын арттыруға ықпал етуде.
Өңірлік кадр резерві жобасының басты артықшылықтарының бірі – жастар үшін кәсіби және мансаптық өсу мүмкіндіктерін кеңейту арқылы мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру. Сонымен бірге бұл бастама мемлекеттік аппараттың сабақтастығын қамтамасыз етуге, болашақ басқарушы кадрлар пулын қалыптастыруға және өңірдің кадрлық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.
Алдағы кезеңде де өңірлік кадр резервін дамыту, талантты жастарды қолдау, олардың кәсіби біліктілігін жетілдіру және мемлекеттік басқару жүйесіне тарту бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады. Бұл өз кезегінде тиімді, кәсіби әрі нәтижеге бағдарланған мемлекеттік аппарат қалыптастыруға және өңірдің орнықты дамуын қамтамасыз етуге негіз қалайды.
Осылайша, өңірлік кадр резерві қазіргі таңда мемлекеттік басқару жүйесінің сапалы кадрлық қорын қалыптастыруға бағытталған маңызды институт ретінде өзінің тиімділігін дәлелдеп, өңірдің болашақ басқарушы қызметшілерін даярлаудың сенімді тетігіне айналып отыр.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1243490?lang=ru

Жауап қалдыру