
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Ордабасы ауданында кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы ұйымдастырылып, өткізілді. Комиссия отырысын аудан әкімінің орынбасары М.Ақмұратов жүргізді.
Аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Б.Сәрсенбеков, Ұ.Мұратбектың жасаған баяндамаларынан соң қатысушылар тарапынан күн тәртібіне қатысты арнай мәселелер қаралып, бірқатар ұсыныстар енгізілді. Комиссия отырысында жаз мезгілдерінде суға шомылу талаптарын сақтау, балалардың қауіпсіздігін сақтау т.б. мәселелер қаралды. Нәтижесі бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1243984?lang=kk

Жауап қалдыру