ПРЕЗИДЕНТ ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ ЕЛДЕРДІҢ ЖОҒАРҒЫ СОТ ТӨРАҒАЛАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің жоғарғы соттарының екінші конференциясына қатысу үшін Қазақстанға арнайы келген сот жүйесінің жетекшілерімен кездесті.
Кездесуге Әзербайжан Республикасының Жоғарғы сот төрағасы Инам Керимов, Қырғыз Республикасының Жоғарғы сот төрағасы Медербек Сатыев, Түркия Республикасының Кассациялық сот төрағасы Омер Керкез, Түркия Республикасының Мемлекеттік кеңес төрағасы Зеки Йигит және Өзбекстан Республикасы Жоғарғы соты төрағасының бірінші орынбасары Алишер Усманов қатысты.
Президент Түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда Түркі мемлекеттері ұйымы маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Оның айтуынша, соңғы жылдары ұйымға мүше елдердің сот және құқық қорғау салаларындағы өзара ықпалдастығы айтарлықтай күшейген.
Мемлекет басшысы алдағы уақытта Түркістан қаласында өтетін конференцияда сот жүйесін цифрландыру, инвесторлардың құқықтарын қорғау және өзге де өзекті мәселелер кеңінен талқыланатынын айтты. Бұл бағыттағы тәжірибе алмасу ұйымның әлеуетін арттырып, халықаралық беделін нығайтуға ықпал ететінін жеткізді.
Кездесу барысында Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы барлық бастамаларды қолдайтыны және бауырлас елдермен әріптестікті одан әрі дамытуға дайын екені атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1243520?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді