
ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ
2026 жылғы 18 маусымда Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Сарсенгалиева Гулнара Ақмырзақызы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі №200 қаулысымен бекітілген «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдама» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
🔹 «Заң мен тәртіп» қағидаты нені білдіреді?
Бұл – заң талаптарын сақтау ғана емес, сонымен қатар өзгенің құқығын құрметтеу, әділдікке ұмтылу, құқық бұзушылыққа төзбеушілік таныту және әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіну.
🔹 Тұжырымдаманың негізгі бағыттары:
✅ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру;
✅ заң үстемдігі қағидатын нығайту;
✅ құқық бұзушылықтардың алдын алу;
✅ адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыру;
✅ мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыру;
✅ азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін күшейту.
🔹 Неліктен бұл маңызды?
Заң мен тәртіп – қауіпсіз, әділетті және дамыған қоғамның басты кепілі. Әрбір азаматтың заңға құрметпен қарауы, жауапкершілік танытуы және қоғамдық тәртіпті сақтауы – Жаңа Қазақстанды құрудың маңызды шарты.
📌 Заң мен тәртіп – мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-aktobe/press/news/details/1243652?lang=ru

Жауап қалдыру