«Қазгидромет» РМК филиалының ақпаратына сәйкес

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар облысы бойынша «Қазгидромет» РМК филиалының 2026 жылғы 15 маусымдағы №15 ақпаратына сәйкес, 16 маусымда түнде Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.

Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, ал шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар қаласы: 16 маусым күні күндіз жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі, түнде тұман болуы мүмкін.

Төтенше жағдайлар мен оқиғалардың алдын алу мақсатында Сізге:

– тіршілікті қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар объектілерде автономды электрмен жабдықтау көздерінің дайын болуын қамтамасыз ету;

– халық арасында елді мекендерден тыс жерлерге көлік қозғалысын шектеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу (қажет болған жағдайда);

әкімдіктерде және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру (қажет болған жағдайда);

– ғимараттар мен құрылыстардың қолайсыз метеорологиялық құбылыстардың әсеріне төзімділігін арттыру бойынша кешенді іс-шаралар жүргізу.

Қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған жағдайда облыстық ТЖД жедел кезекшісіне 32-36-92 телефоны арқылы және қалалық/аудандық төтенше жағдайлар органдарына дереу хабарлау қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastyz-selhoz/press/news/details/1243031?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді