
Сарыағаш аудандық мәслихатының депутаттары мен
аудан халқының назарына!
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Сарыағаш аудандық мәслихатының кезекті қырық бесінші сессиясы 2026 жылғы 30 маусым күні сағат 16:00-де Сарыағаш аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймын.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылғы 30 маусым күні сағат 10:00-де аудандық мәслихаттың мәжіліс залында өтеді.
Сессия қарауына енгізілген мәселелер:
- 2025 жылға арналған Сарыағаш аудандық бюджетінің орындалуы туралы;
- Қала, ауылдық округтерінің 2025 жылға арналған бюджеттерінің орындалуы туралы;
- Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы мақұлдаған Сарыағаш ауданы бойынша 2025 жылғы Сарыағаш аудандық бюджетінің атқарылуы туралы;
- Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы мақұлдаған Сарыағаш ауданының қала, ауылдық округтерінің 2025 жылға арналған бюджеттерінің атқарылуы туралы;
- Сарыағаш ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарының орындалуы туралы;
- Сарыағаш аудандық кірістер басқармасының ауданның кірістер бөлігі бойынша атқарған жұмыстары туралы;
- Көктерек ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
- Жылға ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
- Жарты төбе ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
- Сарыағаш аудандық білім бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
- Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
- Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
- Сарыағаш аудандық мәслихатының бақылауда тұрған шешімдерінің орындалу барысы туралы;
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/saryagash-maslihat/press/news/details/1243880?lang=kk

Жауап қалдыру