Семей қаласында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жолаушылар көлігінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Семей қаласының аумағында Полиция басқармасының қызметкерлері «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Іс-шара барысында келесі бағыттарға ерекше назар аударылады:
🔹 автобус жүргізушілерінің Жол қозғалысы қағидаларын сақтауына;
🔹 жолаушылар көлігінің техникалық жай-күйіне;
🔹 жүргізушілердің қажетті құжаттарының болуына;
🔹 жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауына;
🔹 жолаушыларды заңсыз тасымалдау фактілерін анықтауға.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қоғамдық көлік жүргізушілері арасында көлік тәртібін арттыру.

Семей қаласының Полиция басқармасы жүргізушілерді заңнама талаптары мен Жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға, ал жолаушыларды тек ресми тасымалдаушылардың қызметін пайдалануға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1243278?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді