
ШҚО-да полиция заңсыз әрекеттің жолын кесті: жәбірленушіге бірнеше миллион теңге көлемінде шығын келтірілген
Шемонаиха қаласында Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғынның заңсыз әрекетін анықтаған. Ол танысынан ақша қаражаты мен мүлкін күш көрсету арқылы иемденді деген күдікке ілінді.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 2023 жылдан бастап 39 жастағы ер адам күш қолданамын деп қорқытып, жәбірленушіні өзіне ақша беруге мәжбүрлеп отырған. Келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 2,5 миллион теңгені құраған.
Сондай-ақ тергеу деректеріне сәйкес, күдікті жәбірленушіден өзіне тиесілі Volkswagen Passat автокөлігін сатуды талап еткен. Алайда мәміле жүзеге аспағаннан кейін одан 1 миллион теңге беруді талап еткен.
Заңсыз әрекеттердің салдарынан жәбірленуші қомақты көлемдегі ақша қаражаты мен мүлкінен айырылған.
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті азаматтарды ақша қаражатын немесе мүлкін беруге мәжбүрлеуге байланысты кез келген заңсыз әрекеттер үшін заңда белгіленген жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Полиция осындай жағдайларға тап болған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу жүгінуге шақырады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1243003?lang=ru

Жауап қалдыру