Суға түсу маусымында сақтық шаралары күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Меркі аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары су айдындарындағы оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Құтқарушылар аудан аумағындағы демалыс орындары мен бассейндерде арнайы рейд өткізді. ТЖБ қызметкерлері демалушылармен және бассейн әкімшіліктерімен тікелей кездесіп, төмендегідей маңызды қағидаларды қатаң сақтауды еске салды: Үздіксіз бақылау: Ата-аналар балаларын суға түскен кезде бір сәт те қараусыз қалдырмауы тиіс. Жауапкершілік: Бассейн әкімшілігі нысандағы қауіпсіздік талаптарының орындалуын және құтқарушылардың дайындығын жіті қадағалауы керек. Ережені сақтау: Суға түсуге рұқсат етілген арнайы орындарды ғана пайдалану қажет.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1243874?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді