
Жылысай ауылдық округі бойынша халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын (СУСН) баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар.
Тұрғын үй құрылысы және дайындығы: Ағымдағы кезеңде округ бойынша СУСН санатындағы азаматтарға беру үшін жаңадантұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Әр үй заманауи талаптарға сай, инженерлік-коммуникациялық желілерге (су, жарық, жылу) толық қосылған. Құрылыс жұмыстары жергілікті және республикалық бюджет есебінен үйлестіріліп, бақылауға алынған. Мердігер мекеме тарапынан бекітілген кестеге сай жұмыстар атқарылуда. Салынып жатқан баспаналар кезекте тұрған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына, оның ішінде көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және жетім балаларға қолданыстағы заңнама аясында, кезек реттілігі бойынша беріледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhylysai/press/news/details/1244148?lang=ru

Жауап қалдыру