Сырым аудандық ауруханасының жауапты тұлғаларымен еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша кездесу өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Е.Г. Найзабековтың төрағалығымен, «Сырым аудандық ауруханасы» ШЖҚ-дағы МКК қызметкерлерімен орын алған жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру шеңберінде кәсіпорын басшылығымен және жауапты тұлғаларымен кездесу өтті.

Кездесудің басты мақсаты — өндірістік жарақаттанудың алдын алу, еңбек заңнамасын бұзушылықтарды жою және медициналық мекемеде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету.

Тергеп-тексеру барысында Кәсіпорында жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту мен нұсқама беру, сондай-ақ міндетті кәсіптік тәуекелдерді бағалау талаптарының бұзылғандығы анықталды. Сонымен қатар, оқиға орын алған сәтте қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартының болмауына байланысты мәселелер талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-enbek/press/news/details/1243437?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді