
Шымкентте қала тазалығы мен қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда. Акция аясында полиция қызметкерлері өзге де қызметтермен бірлесіп, абаттандыру қағидаларын бұзудың алдын алу және жолын кесу жұмыстарын жүргізуде.
Қоғамдық тәртіпті бақылау мақсатында күн сайын бейнебақылау камералары пайдаланылады. Олардың көмегімен ортақ пайдалану орындарын ластау, қоқыс тастау және өзге де құқық бұзушылықтар анықталуда.
Мәселен, бейнебақылау камералары қоғамдық орындарда темекі шегіп, темекі тұқылдарын жерге тастаған тұрғындарды тіркеді. Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкент қаласында ортақ пайдалану орындарын ластаудың 855 дерегі анықталды.
Полиция қала тазалығы әрбір тұрғынның жауапкершілігіне байланысты екенін еске салады. Қоршаған ортаға ұқыпты қарап, қарапайым мәдениет қағидаларын сақтау арқылы Шымкентті таза әрі жайлы қалаға айналдыруға әркім өз үлесін қоса алады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1243507?lang=ru

Жауап қалдыру