Тұрғындармен кездесу мақсатында жұмыс сапары ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кездесу барысында Чехов көшесіндегі тұрғындарды алаңдататын ауыз сумен қамтамасыз ету, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау, іргелес аумақтың санитариялық жағдайы және өзге де мәселелер талқыланды.

Атап айтқанда, өтініш иесі күндізгі уақытта су қысымының төмендейтінін жеткізді. Аталған мәселе бойынша «Алматы Су» МКК мамандарымен бірлесіп, тұрғындарды тұрақты сумен қамтамасыз ету мақсатында сумен жабдықтау жүйесінің жұмыс режимдерін реттеу бойынша қажетті жұмыстар жүргізілді.

Сондай-ақ кездесу барысында тұрғын үй қатынастары саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-turksib/press/news/details/1243169?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді