ЫНТЫМАҚТА – ҮЛКЕН ҚУАНЫШ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шақпақ ауылдық округіне қарасты Ынтымақ елді мекенінде заманауи кіші футбол стадионының салтанатты ашылу рәсімі жоғары деңгейде өтіп, ауыл тұрғындары үшін тарихи әрі қуанышты күнге айналды.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Айдос Құттыбайұлы Асабаев, Жуалы ауданының Құрметті азаматы, аудан әкімінің кеңесшісі Әбдікерім Құлтайұлы Үркімбаев, спорт саласының ардагері Мақсұтбек Әбдіұлы Арзымбетов және аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Керімхан Әуесбекұлы Төреқұлов қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтап, ақжарма тілектерін жеткізді.
Жиын барысында жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және жас ұрпаққа қолайлы орта жасау мәселелері кеңінен қозғалды. Сонымен қатар, осы игі бастамаға қолдау білдірген ауыл азаматтарына алғыс айтылып, тұрғындардың ризашылығы жеткізілді.
Стадионның ашылу лентасын аудан әкімінің орынбасары Айдос Асабаев пен ауыл ардагері Күнтібек Еркебаев қиып, ақсақалдар ақ баталарын берді.
Мерекелік шара аясында жасөспірімдер арасында кіші футболдан тартысты турнир ұйымдастырылып, жас спортшылар өз шеберліктерін көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Турнир қорытындысы бойынша:
1-орын – «Шақпақтас» командасы
2-орын – «2017» командасы
3-орын – «2013» командасы
Жеке марапаттар:
Үздік шабуылшы – Тоқтан Омар
Үздік қақпашы – Бегалы Диас
Үздік қорғаушы – Әбді Алихан
Үздік ойыншы – Бағдатұлы Арслан
Турнир соңында ауыл тұрғындары мен демеуші азаматтардың қолдауымен жеңімпаз және жүлдегер командаларға ақшалай сыйлықтар, медальдар мен дипломдар табысталды. Бұл марапаттар жас спортшылардың жігерін жандырып, алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жетуіне зор серпін берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhualy/press/news/details/1243171?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді