Закарпатская көшесіндегі тұрғындармен кездесу өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі Д.Әкежанов Закарпатская көшесіндегі тұрғын үйлердің біріндегі ауланы абаттандыру мәселелері бойынша аудан тұрғынымен кездесті.

Кездесу барысында аула аумағын абаттандыру және қоғамдық инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды.

Өтініштің негізгі тақырыптары футбол алаңының және балалар ойын алаңының жағдайы, сондай-ақ тұрғындардың спортпен шұғылдануы мен белсенді демалысы үшін қосымша мүмкіндіктер жасау қажеттілігі болды.

Өтінішті қарау қорытындысы бойынша аталған жұмыстарды ағымдағы жылдың жоспарына енгізу туралы шешім қабылданды. Абаттандыру аясында футбол алаңын жаңарту, балалар ойын алаңын жаңғырту, сондай-ақ жаңа воркаут алаңын салу көзделген.

Барлық жұмыстар белгіленген мерзімде орындалатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-turksib/press/news/details/1244045?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді