«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Леденев ауылдық округі әкімінің аппараты Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесіп, округтегі ЖШС, ЖК және шаруа қожалықтарының басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ зейнеткерлер мен жалғыз тұратын азаматтар арасында интернет және кибералаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында тұрғындарға алаяқтардың кең таралған тәсілдері, жеке деректерді қорғау шаралары, банк қосымшалары мен интернет-ресурстарды қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндірілді.
Қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, алаяқтық әрекеттердің алдын алу бойынша ұсынымдар берілді.
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – баршамыздың ортақ міндетіміз!
Жауап қалдыру