
Алдымен депутаттар жаңадан бой көтерген «Nomad luxe» қонақүйінде болып, жобаның өңірдің туристік әлеуетін арттырудағы маңызына тоқталды. Шекара маңындағы аудан ретінде Панфилов ауданына келетін туристер мен қонақтар саны жыл сайын артып келеді. Осы орайда заманауи әрі жайлы қонақүйдің ашылуы туристік инфрақұрылымды дамытуға және келушілер үшін қолайлы жағдай жасауға оң ықпал ететіні атап өтілді.
Одан кейін халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған аудандық орталық аурухана жанындағы ғимараттың құрылыс барысы зерделенді. Нысанды аралау барысында депутаттар атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты өз сын-ескертпелерін білдіріп, құрылыс сапасы мен мерзіміне ерекше назар аударды.
Сондай-ақ депутаттар жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылып жатқан «Мұра» мектебінің құрылыс алаңында болды. Болашақ білім ордасының заманауи талаптарға сай жабдықталуы, оқушыларға қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған ерекшеліктері депутаттар тарапынан оң бағаланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1244193?lang=ru

Жауап қалдыру