
20 маусым – Спорт күніне орай Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде қызметкерлер мен ардагерлер арасында кіші аяқ добынан жарыс ұйымдастырылды.
Жарыстың ашылуында №79 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Айнұр Бағланбекқызы қатысушыларға сәттілік тілеп, спорттың денсаулықты нығайтып, тәртіп пен жауапкершілікке тәрбиелейтін маңызды құрал екенін атап өтті.
Тартысты өткен кездесулерде қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жеңіске деген жігерлерін танытты. Ардагерлердің белсенді қатысуы жас қызметкерлерге үлгі болды.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік командалар мен қатысушылар марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisatyrau/press/news/details/1244717?lang=ru

Жауап қалдыру