
2026 жылғы 4 маусымда Шымкент бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы халық денсаулығына қоршаған орта факторларының әсерін бағалау және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жүргізді. Іс-шараға «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалының мамандары қатысты. Мониторинг Шымкент халықаралық әуежайының санитариялық-қорғау аймағындағы бақылау нүктелерінде өткізілді. Зерттеу барысында әуе көлігінің әсер ету аймағындағы атмосфералық ауаның ластану деңгейі мен шу деңгейіне бағалау жүргізілді. Мониторинг нәтижелері қоршаған орта объектілерінің жай-күйін бақылауға және халық денсаулығына қолайсыз әсер ету факторларының алдын алуға бағытталған санитариялық-эпидемиологиялық бақылау іс-шаралары шеңберінде пайдаланылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1245043?lang=ru

Жауап қалдыру