Ақтау қаласында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін, 19 маусым күні Ақтау қаласы әкімдігінде қалалық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға Қоғамдық кеңестің төрағасы Сьезбек Карипов төрағалық етті.
 
Отырыстың күн тәртібінде қала аумағындағы құрылыс нысандары мен тұрғын үйлердің Бас жоспар талаптарына сәйкестігі, пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің сапасы, сондай-ақ жеңілдетілген несие бағдарламалары аясында салынатын тұрғын үйлердің құрылысын үйлестіру және олардың тұрғындар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
 
Сонымен қатар, зейнеткерлердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытындағы жұмыстар, «Халық қатысатын бюджет» жобаларының іске асырылу барысы талқыланып, тұрғындар бастамаларын жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға жан-жақты талдау жасалды.
 
Жиын барысында қоғамдық қабылдаудың сапалы жұмысын қамтамасыз ету және азаматтардың өтініштерін уақытылы әрі тиімді қарау мақсатында қабылданып жатқан шаралар жөнінде жауапты тұлғалардың ақпараты тыңдалды.
 
Отырыс қорытындысы бойынша күн тәртібінде қаралған мәселелерге қатысты бірқатар ұсыныстар беріліп, оларды іске асыру үшін жауапты мемлекеттік органдарға тиісті ұсынымдар жолданды.
 
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1244392?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді