Ақжайық ауданында жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақжайық ауданында жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Батыс Қазақстан облысының Өңірлік жобалық кеңсесінің келесі іссапары Ақжайық ауданында өтті.

Іс-шара барысында практикалық-әдістемелік көмек көрсетіліп, аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан жобалардың жай-күйі қаралды. Іссапардың негізгі мақсаты – жобалардың тиімді әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуге әдістемелік қолдау көрсету.

Жиналысқа аудан әкімінің аппарат басшысы А.А. Төлегенов, дербес бөлім басшылары және құрылымдық бөлімдердің жауапты мамандары қатысты.

Іссапар аясында Ақжайық ауданы, Базаршолан ауылындағы Ғ.Махамбетов атындағы жалпы білім беретін мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары талқыланды. Аталған мектеп Жалпыұлттық жоспардың «1300 мектепті жаңғырту және күрделі жөндеу» жобасы шеңберінде қайта жаңғыртылып жатыр.

Сонымен қатар, жобаның орындалу сапасы, белгіленген мерзімі және техникалық құжаттамалардың «Bitrix» ақпараттық жүйесіне дұрыс әрі толық енгізілуі мәселелері назарға алынды. Жауапты мамандарға нақты әдістемелік ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-informatization/press/news/details/1244953?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді