
Балқаш ауданы Жиделі ауылында жаңа демалыс саябағының салтанатты ашылуы өтті. Ауыл тұрғындары көптен күткен нысанның пайдалануға берілуі халық үшін ерекше қуанышты оқиға болды. Іс-шараға Балқаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетов қатысып, тұрғындарды жаңа саябақтың ашылуымен құттықтады. Өз сөзінде аудан әкімі ауылдарды көркейту, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Жаңа саябақ ашылған сәттен бастап ауыл балалары ойын алаңдарында асыр салып ойнап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ауыл ақсақалдары мен тұрғындары аудан басшылығына және саябақ құрылысына атсалысқан азаматтарға ризашылықтарын жеткізіп, мұндай игі жобалардың ауылдың дамуына оң әсер ететінін атап өтті. Жаңа нысан ауылдың көркеюіне өз үлесін қосып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға қызмет етпек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balkhash-zhideli/press/news/details/1244777?lang=ru

Жауап қалдыру