
Делдалдық схемаларды тергеп-тексеру жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті көшпелі отырысы аясында Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ Сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясының өкілдері қатысып, «Әсем» және «Сарыарқа» сауда базарларына мониторинг жүргізді.
Бақылау барысында кәсіпкерлік субъектілерінің ӘМАТ-қа белгіленген 15 пайыздық шекті сауда үстемесінен асырмау, тауар айналымын есепке алудың ақпараттық жүйелерін міндетті түрде қолдану, сондай-ақ өнім жеткізу арналарының ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі заңнама талаптарын сақтауына ерекше назар аударылды.
Баға белгілеу мәселелерімен қатар, тиісті таңбалауы жоқ, тауардың шығу тегі мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары жоқ өнімдерді өткізу фактілерінің жолын кесу, сондай-ақ шығу тегі белгісіз өнімдердің айналымына жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Кәсіпкерлерге сауда қызметі, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік және тұтынушылардың құқықтарын қорғау салаларындағы заңнама талаптары түсіндірілді.
Сонымен қатар, мониторинг шеңберінде санитариялық нормалар мен қағидалардың, өрт қауіпсіздігі талаптарының, азық-түлік өнімдерін сақтау және өткізу шарттарының сақталуы тексерілді. Мұндай іс-шаралар тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сатылатын өнімдердің сапасын арттыруға және адал кәсіпкерлер үшін тең бәсекелестік жағдайлар жасауға бағытталған.
Осы іс-шаралар қорытындысы бойынша, уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан тиісті шаралар қабылдануда, оның ішінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілуде.
Ақпараттық жүйелерді міндетті түрде пайдалану және анықталған бұзушылықтарды жою талаптарын қоса алғанда, заңнама талаптары орындалмаған жағдайда, ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген, оның ішінде материалдарды сот тәртібімен қарауға дейінгі шаралар қолданылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1244505?lang=ru

Жауап қалдыру