Фармацевтика саласының өкілдері ведомстволық наградалармен марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан фармацевтика саласының өкілдерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының қолы қойылған Құрмет грамоталарымен Дәулеткерей Алмас Бекежанұлы, Серікқалиқызы Жанерке және Алуа Мұрат марапатталды.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаменті басшысының қолы қойылған Құрмет грамоталары Рая Ағлесова мен Мирлан Амановқа табысталды.

Еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін төрт дәріхана ұйымы Алғыс хаттармен марапатталды.

Сондай-ақ «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының Астана қаласындағы филиалының директоры Гүлнарай Сәлімқызы Әлмұрзинаға табысталды.

Марапат иелерін шын жүректен құттықтап, еңбектеріне толағай табыс, зор денсаулық және жаңа жетістіктер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-astana/press/news/details/1244562?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді