
Қазақстан Республикасында 2024–2028 жылдарға арналған Халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларды (ХМСП) іске асыру жөніндегі Жол картасы мен Денсаулық сақтаудың жаһандық бағдарламасын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі кіру пункттерінің ХМСП талаптарына сәйкестігіне ішкі бағалау жүргізді. Бағалау Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сауалнамасын пайдалана отырып, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдерінен құралған ведомствоаралық жұмыс тобының қатысуымен өткізілді. 2026 жылғы 11–12 маусым аралығында жұмыс тобы Абай Молдағұлова атындағы Актөбе қаласындағы халықаралық әуежайда ішкі бағалау жүргізді. Сондай-ақ жұмыс тобы Актөбе, Атырау, Орал, Өскемен, Павлодар, Семей, Қарағанды, Қызылорда, Көкшетау, Қостанай қалаларының халықаралық әуежайларын және «Достық» халықаралық теміржол шекаралық станциясын бағалаудан өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – кіру пункттерінің халықаралық маңызы бар қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға дайындық деңгейін бағалау, оларды ерте анықтау және әрекет ету қабілетін күшейту, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру және санитариялық-карантиндік бақылау әлеуетін арттыру болып табылады. Бағалау қорытындысы бойынша ХМСП талаптарына сәйкес кіру пункттерінің негізгі мүмкіндіктерін одан әрі дамытуға бағытталған тиісті ұсынымдар әзірленетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1245092?lang=ru

Жауап қалдыру