Ішімдіксіз ауыл.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Арақсыз ауыл – қауіпсіз және тұрақты қоғамның кепілі

Сыр өңірінде құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрғындардың қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыру мақсатында «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында «Арақсыз ауыл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Тәжірибе көрсеткендей, көптеген құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың орын алуына алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтыну себеп болады. Осыған байланысты құқық бұзушылықтардың салдарымен емес, оның негізгі себептерімен күресу бағытында жүйелі түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Арал ауданындағы елді мекендерде жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 10 ауыл өздерін «Арақсыз ауыл» ретінде жариялады. Солардың бірі – Үкілісай ауылы.
Осы бастама аясында Арал аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Құдайберген Бектөре және аудан прокуроры Жанаев Рамазан Үкілісай ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланып, қылмыстың зардаптары мен оның алдын алу жолдары жан-жақты түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-bekbauyl/press/news/details/1244885?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді