Кезекті облыстық спартакиада өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

19-20 маусым күндері «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған облыстық спартакиадаға Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының мемлекеттік қызметшілері белсенді қатысып, өз бақтарын сынады.

Спартакиада мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және ұжымдық бірлікті нығайту мақсатында өткізілді. Басқарма қызметкерлері жарыс бағдарламасына енгізілген спорт түрлері бойынша жоғары белсенділік танытып, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігерлерін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша Жоспарлау, қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы Әсел Тұралықызы Иманбекова шахмат спорт түрінен жүлделі ІІІ орынды иеленді. Әріптесіміз дипломмен, медальмен және 20 000 теңгелік сертификатпен марапатталды.

Әсел Тұралықызын жетістігімен құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!

Спартакиадаға қатысқан барлық әріптестерімізге алғыс білдіреміз. Осындай игі шаралар мемлекеттік қызметшілер арасында бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлесін қоса береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-veterinaria/press/news/details/1244775?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді