Маман сертификатын қалай растауға болады?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша маман сертификатының қолданыстағы немесе қолданылу мерзімі 3 (үш) жылдан кем екенін растау ережелері Мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша маман сертификатының қолданыстағы немесе қолданылу мерзімі 3 (үш) жылдан кем екенін растау ережелері ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы» бұйрығы бойынша реттеледі (әрі қарай – Ереже).

Ережелердің 2 тараудың 7 тармағына сәйкес қолданыстағы маман сертификатын растауға арналған құжаттар мен мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес ұсынады.

Маман сертификатының қолданыстағы немесе қолданылу мерзімі 3 (үш) жылдан кем екенін растау үшін қажетті құжаттар тізімі:

  1. Мәлімделген мамандық бойынша білім құжаты (орта және техникалық білім туралы диплом, қолданбалы немесе академиялық бакалавриатты бітіру бойынша диплом, интернатурада және (немесе) резидентурада немесе клиникалық ординатурада немесе қайта даярлауда оқуды аяқтағанын растайтын құжаттар;
  2. Растау сәтінде соңғы 5 (бес) жыл ішінде жалпы көлемде кемінде 4 (төрт) кредиті (120 сағат) бар мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік;
  3. ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес қызметтің мәлімделетін кіші түрлеріне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжат (дәрігерлік мамандық көрсетілген жұмысқа алу бойынша бұйрық немесе еңбек келісімшарты, еңбек кітапшасының барлық беттерінің электрондық көшірмесі);
  4. Мамандық бойынша маман сертификатының көшірмесі;
  5. Тану қағидаларына сәйкес берілген басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) медициналық білім алған көрсетілетін қызметті алушының білімін тану туралы құжат.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-astana/press/news/details/1244546?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді