
Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілік пен адалдықты талап ететін абыройлы міндет. Сіздер халық пен билік арасындағы алтын көпір болып, елдің дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай еңбек етіп келесіздер. Күнделікті қызметтеріңіз арқылы азаматтардың сенімін ақтап, қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуіне өз үлестеріңізді қосып жүрсіздер.
Ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен елге деген жанашырлықтарыңыз әрдайым жоғары бағаланады.
Осы айтулы мереке күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс пен толағай жетістіктер тілеймін. Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болып, абыройларыңыз арта берсін!
Мемлекеттік қызметшілер күні құтты болсын!
Құрметпен, Шарын ауылдық округінің әкімі А.Б.Алғазиев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uigur-sharyn/press/news/details/1244769?lang=ru

Жауап қалдыру