
Мойынты кентінде 9 және 11 сынып түлектеріне аттестат тапсыру салтанаты жоғары деңгейде өтті. Бұл күн – мектеп бітіруші жас түлектер үшін ерекше қуаныш пен толғанысқа толы маңызды мереке болды.
Салтанатты шараға ұстаздар, ата-аналар, құрметті қонақтар және мектеп оқушылары қатысты. Мектеп әкімшілігі түлектерді құттықтап, олардың болашақ өмір жолында білімдері мен алған тәрбиелерінің үлкен пайдасын тигізетініне сенім білдірді.
9 сынып оқушылары негізгі орта білім туралы аттестат алып, білімдерін одан әрі жалғастыруға мүмкіндік алса, 11 сынып түлектері мектеппен қоштасып, үлкен өмірге алғашқы қадамдарын жасады. Үздік оқушылар марапатталып, ата-аналар мен ұстаздарға алғыс сөздер айтылды.
Биыл мектепті аяқтаған түлектердің ішінен 4 оқушы қызыл аттестатқа ие болып, үздік білім нәтижелерін көрсетті.
Түлектерді маңызды белеспен құттықтай отырып, алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары нәтиже көрсетулеріне және болашақта білім мен еңбек жолында үлкен жетістіктерге жетулеріне тілектеспіз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-mointy/press/news/details/1244308?lang=ru

Жауап қалдыру