
Т.Рысқұлов ауданы №10 өрт сөндіру бөлімінде қызметкерлер арасында жол жүру ережелерін сақтау, отбасындағы сыйластық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыптарында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында полиция өкілдері қызметтік және жеке автокөліктерді пайдалану кезіндегі жауапкершілік, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мәселелерін түсіндірді. Сонымен қатар отбасыдағы татулықты сақтау және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қоғамға кері әсері талқыланды. Дөңгелек үстелде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, заң талаптарын мүлтіксіз орындау және адалдық қағидаттарын ұстанудың маңызы айтылды.
Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1245096?lang=ru

Жауап қалдыру