Павлодар қалалық мәслихатының XLII кезектен тыс сессиясы болып өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар қалалық мәслихатының XLII кезектен тыс сессиясы болып өтті.

⠀Депутаттар «Павлодар қаласының 2025 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы» мәселелерін қарастырды. Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі, сондай-ақ Павлодар, Жетекші, Мойылды ауылдарының, Атамекен кентінің және Кенжекөл ауылдық округінің 2025 жылға арналған IV деңгейдегі бюджеттерінің атқарылуы туралы есептері тыңдалды. Есептер тексеру комиссиясының аудиттік және талдамалық материалдары, статистикалық деректер, жергілікті атқарушы органдар мен бюджеттік процесске қатысушы басқа да тараптардың ақпараты негізінде дайындалды. Қарау қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар берілді.

⠀Сондай-ақ депутаттар автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақ аймақтарына бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту мәселелерін қарады.⠀

Жекелеген блок ретінде «Достық» көппәтерлі тұрғын үй кешенін салуға мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы келісім шарттардың жобаларын келісу туралы» мәселесі талқыланды.

⠀Павлодар қаласының Бас жоспарына сәйкес, қаланың оңтүстік бөлігін дамыту үшін әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандары бар көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы салынады. Сол себепті саяжай учаскелерінің аумағын босату көзделіп отыр. Осыған байланысты «Строитель» бау-бақша серіктестігі тұтыну кооперативінің аумағындағы 3 жер учаскесін мемлекеттік қажеттілік үшін алып қою рәсімі басталды.

⠀Сондай-ақ қалалық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-pvl/press/news/details/1244829?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді