Қазақстан пара-каратэ командасы Азия чемпионатында жалпы есепте топ жарды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Индонезияның Бали қаласында WKF нұсқасы бойынша пара-каратэден V Азия чемпионаты өтті. Биылғы жарысқа 7 мемлекеттен үздік спортшылар қатысып, құрлық мықтыларын анықтады.

Қазақстан командасы жоғары даярлық үлгісін көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 1-орын иеленді. Спортшылар бірнеше алтын және қола медаль жеңіп алып, ел намысын абыроймен қорғады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
🥇Ләззат Жүсіпова – алтын медаль
🥇Назгүл Ізмағамбетова – алтын медаль
🥇Нұржайна Жаннетова – алтын медаль
🥉Рустам Билялов – қола жүлдегер
🥉Азиза Ибраимова – қола жүлдегер
🥉Ерлан Нұрмағамбетов – қола жүлдегер

Бұл жетістік – спортшылар мен бапкерлердің жүйелі еңбегінің нәтижесі.

Еске сала кетейік, былтыр Ташкент қаласы қабылдаған пара-каратэден Азия чемпионатында біздің команда 2 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль иеленген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1244742?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді