
2026 жылғы 17 маусымда Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының 2026 жылға арналған мамандарды жалпыға бірдей құқықтық оқыту жоспарына сәйкес, басқарма қызметкерлері арасында семинар өткізілді. Семинар барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (№350-VI ҚРЗ, 29.06.2020 ж.) негізгі талаптары талқыланды. Атап айтқанда, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі, белгіленген мерзімдерді сақтау, тыңдалу рәсімін қамтамасыз ету, сондай-ақ қабылданатын шешімдердің заңдылығы мен негізділігі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру кезінде ашықтық, әділдік және рәсімдік тәртіп қағидаттарын қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді. Семинар қорытындысында мамандарға қызметтік міндеттерін атқару барысында Кодекс талаптарын бұлжытпай сақтау маңыздылығы ескертілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1244816?lang=ru

Жауап қалдыру