Рәміздер күні – ұлттық мақтанышымыз!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Рәміздер күні – ұлттық мақтанышымыз!
Бүгін, 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасында салтанатты іс-шара өтті.
Таңғы сағат 9:00-де басқарма ұжымы бір мезгілде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындады. Салтанатты жиын барысында басқарма басшысы Н.Камашев ұжымды айтулы мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздердің ел егемендігі мен бірлігіндегі маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ шара аясында цифрландыру бөлімінің бас маманы А.Ашық мемлекеттік рәміздердің тарихы, қабылдану кезеңдері және олардың мән-мағынасы туралы мазмұнды ақпарат берді.
Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің басты нышаны және әрбір азаматтың отансүйгіштік рухын асқақтататын құндылық. Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, көк туымыз тұғырлы болсын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-informatization/press/news/details/1244896?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді