САРЫАҒАШ: ӨНДІРІСТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарыағаш қаласы аумағында өндірістік парк құрылысы жоспарға сәйкес қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Аталған жоба өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға және инвестициялық тартымдылығын күшейтуге бағытталған.

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев құрылыс алаңына барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Жауапты сала мамандары және кәсіпкерлермен кездесті. Кездесу барысында жобаны тиімді жүзеге асыру, өндірістік аумақтарды толық игеру және инвестициялық жобаларды уақтылы іске қосу мәселелері талқыланды.

Аудан әкімі өндірістік парктің аудан экономикасын дамытудағы, жаңа жұмыс орындарын ашудағы және шағын мен орта бизнесті қолдаудағы маңызын атап өтіп, жауапты тұлғаларға құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1244487?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді