ШҚО-да «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

19-24 маусым аралығында облыс аумағында жолаушылар көлігінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, жол жүрісі қағидаларын бұзу фактілерін анықтауға, заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қоюға, сондай-ақ техникалық ақауы бар көлік құралдарын пайдалануды анықтауға бағытталған республикалық «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілердің жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын сақтауына бақылауды күшейтеді.

Ерекше назар заңсыз жолаушылар тасымалына, қоғамдық көлік жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимін сақтауына, көлік құралдарының техникалық жай-күйіне, сондай-ақ жолаушылар көлігінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға аударылады.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті тасымалдаушылар мен жүргізушілерді қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға, көлік құралдарының техникалық жарамдылығын қамтамасыз етуге және жол жүрісі қағидаларын мүлтіксіз орындауға шақырады.

Дереккөз: ШҚО ПД

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1244490?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді