
Бүгінде туризм қарқынды дамып келе жатқан Шығыс Қазақстан облысында екі жыл бұрын құрылған туристік полицияның басты міндеті – туристердің демалысын барынша қауіпсіз ету.
Шығыс Қазақстанның туристік полициясы – бұл тек қоғамдық тәртіпті сақтау ғана емес, сонымен қатар өлкемізді демалыс орны ретінде таңдаған әрбір азаматтың жайлылығына қамқорлық жасау.
2024 жылдың маусым айынан бастап Алтай аудандық полиция бөлімінде полиция қызметінің сапасын арттыру мақсатында арнайы топ жұмыс істейді. Қазіргі таңда бөлімше штатында 5 қызметкер бар, олардың үшеуі Бұқтырма су қоймасының жағалауында патрульдік қызмет атқаруда.
Жазғы маусым дәстүрлі түрде мыңдаған демалушыларды тартады: егер өткен жылы өңірімізде 53 мыңға жуық адам демалса, жыл басынан бері біздің өлкеге шетелдік қонақтарды қоса есептегенде 4 мыңға жуық адам келді.
Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен қатар, тәртіп сақшылары көмекші және кеңесші қызметін де атқарады. Шетелдік туристермен тиімді қарым-қатынас орнату үшін қызметкерлер ағылшын тіліндегі негізгі сөз тіркестерін меңгеруде. Сәлемдесуден бастап, көмек ұсыну, бағыт-бағдар беру және қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттандыруға дейінгі негізгі тіркестерді білу қонақтарға жергілікті жерде бағдар алуға және демалыстарының жайлы өтуіне септігін тигізеді.
Дереккөз: ШҚО ПД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1244971?lang=ru

Жауап қалдыру