
Таразда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті
Қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қала аумағын абаттандыру және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткен шараға қала тұрғындары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар ұйымдарының өкілдері, кәсіпорындар мен коммуналдық сала қызметкерлері белсенді қатысты.
Сенбілік барысында шаһар көшелері мен қоғамдық орындар, саябақтар мен скверлер, тұрғын үйлердің аулалары, арық жүйелері мен жол жиектері тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Сонымен қатар, шашылған қоқыстар жиналып, арнайы техникалардың көмегімен белгіленген орындарға шығарылды.
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы тазалық және абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1244978?lang=ru

Жауап қалдыру