«Түнгі қаладағы балалар»: Абай облысында баласының тәрбиесіне салғырт қараған 5 заңды өкіл профилактикалық есепке қойылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шара аясында бір күн ішінде 58 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

🌃Түнгі қала тыныш көрінгенімен, оның әр бұрышында бақылаусыз қалған жасөспірім тағдыры, жауапсыздықтың салдары және уақытында жасалмаған алдын алу жұмыстары жасырынып тұруы мүмкін. Осыны ескерген полиция қызметкерлері 18–20 маусым аралығында облыс аумағында кең көлемді рейдтік-профилактикалық шаралар өткізуде.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде:

❇️түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жүрген 54 жасөспірім анықталып, тәртіп сақшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді;
❇️ата-ана міндетін орындамаған 4 жағдай тіркелді;
❇️баласының тәрбиесіне салғырт қараған 5 заңды өкіл профилактикалық есепке қойылды.

‼️Шараның негізгі мақсаты – жазалау емес, ескерту. Қателікке жеткізбей, бағыт беру. Жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және ата-аналардың жауапкершілігін күшейту – басты басымдықтардың бірі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1244537?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді