ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫ ЖОҒАРҒЫ СОТТАРЫ ТӨРАҒАЛАРЫНЫҢ II ФОРУМЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің Жоғарғы соттары төрағаларының II форумы өтті. Халықаралық жиынға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркияның жоғары сот органдарының басшылары қатысты.
Форум барысында сот жүйесін цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын енгізу, инвестициялық ахуалды жақсарту және инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ ТМҰ аясында құқықтық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бастамалар ұсынылды.
Іс-шара қорытындысында қатысушы елдердің делегация жетекшілері бірлескен мәлімдемеге қол қойып, цифрлық сот төрелігін дамыту мен құқықтық өзара іс-қимылды нығайтуға уағдаласты.
Форумнан кейін шетелдік делегация өкілдері Түркістанның тарихи-мәдени нысандарын аралап, өңірдің туристік әлеуетімен танысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1244685?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді